Skip to content

1 наурыз – Алғыс айту күнін «Туған өлкеге алғыс»

Павлодар қаласының №44 сәбилер бақшасы мекемесі 1 наурыз – Алғыс айту күнін «Туған өлкеге алғыс» тақырыбы аясында өткізді.
Бұл күні мектепалды мекемеде арнайы көрме ұйымдастырылып, мұнда Ертістің Павлодар өңірінің айрықша келбетін арттыратын нысандардың макеттері жұртшылықтың назарына ұсынылды. Олардың барлығы – өңір тұрғындары мен қонақтары жиі баратын танымал нысандар.
Макеттерді жасауға бақшамыздың ата-аналары балаларымен бірге белсене қатысқанын айрықша атап өтуіміз керек. Осылайша, бақша ұжымы – балалар, ата-аналар, қызметкерлер өздерінің жүрекжарды алғыстарын туған өлкенің ғажайыптарын асқақтатуға, кереметіне бас июге арнады.
Әсіресе, мұндағы басты мақсат – бүлдіршіндеріміздің еліне, жеріне, мекен етіп отырған топырағына, оның келбеті мен табиғи құндылықтарына құрметпен қарауын тәрбиелеу.
Барша жұртшылықты Көктемнің алғашқы күнімен және осы мезгілдегі барлық мерекелермен құттықтаймыз! Отанымыз Қазақстан жарқын да жарасымды тірліктің тұғыры және ұясы болып, гүлдене берсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *