Skip to content

Ата-аналарға

Ата-аналарға кеңестер

Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

  1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
  2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
  3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
  4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
  5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
  6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
  7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
  8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
  9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
  10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
  11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
  12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
  13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
  14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
Ата-аналарға психологиялық кеңес

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
-Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру.
— Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
-Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.
-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.
-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
-Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.
-Бақылау, тексеру, бағалау.
-Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу.
Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

БЕЙІМДЕЛУ КЕҢЕСТЕРІ

Кеңес береміз:

— Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

— Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз

— Үйдегі жағдайда баланың өзіне — өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

— Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

— Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

— Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

— Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

— Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады. — Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

— Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет. Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

«Бала тілінің дамуына ата-ананың рөлі»

Ана тілі –халақ байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпарухани азығы, тәрбие тірегі. Бүгінгі таңда заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың мақсатымыз. Осы мақсатқа жету жолында әр баланың өзіндік ерекшелігіне байқап, ішкі жан дүниесін , сезімін көре білуде ата-ананың рөлі зор болуы тиіс. Отбасының да балабақшаның да мүддесі біреу, ол баланың тәрбиесі. Баланың  өз ойын түсінікті , ұғымды жеткізе білуі отбасынан басталады. Оның алғашқы ұсазы-ата-анасы. Ата-анамен араласу, сөйлесу арқылы бала күн санап жетіле береді. Баланың тілі неғұрлым бай болса,ойы да соғұрлым кең болады. Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен байтып, ойын кеңейте түсу ең алдымен отбасының одан кейін балабақшаның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге  асады. Балаға жастайынан ауыз әдебиетіндегі ертегі , аңыздарды оқып беріп, қызығушылығын оятып, бала тыңдаған ертегісін ің мазмұнын дұрыс баяндап, яғни, мазмұндай алуға , баланы дұрыс сөйлеуге, тілі келмейтін дыбыстар мен сөздерді анық айтуға жаттықтыру, бала тілінің дамуына тигізер әсері мол. Балалақ шақ – баланың  жеке тұлға болып, өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы. Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттері отбасында қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын,естігенін, қиялын, ойын тілі арқылы білдіреді. Сондықтан бала тілінің дұрыс  дамуына баса назар аударған жөн таза мәнерлі  тіл- ойлау жемісі. Баланы дұрыс сөйлеуге  үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады. Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінгі мен ертеңін жал,астыратын алтын көпірі, асыл мұраты. Тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті. Ертеңгі күніміздің жақсы болуы үшін, ерте кезден сөз әдебін қалыптастырайық.