Skip to content

Наурыз

Балабақшада Наурыз мерекесі аталып өтті
Наурыз – көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат – салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл – бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осындай игі шара бүгін Павлодар қаласының #44 сәбилер ұйымында өткізілді.Бұл дәстүрлі шараға мектепалды топтары, тәрбиешілер, ата-аналар қатысты. Мектепалды тобының кішкентай бүлдіршіндері өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, «Домбыра», «Қара жорға» биін билеп, ән салып, ұлттық ойындар теңге алу, орамал тастамақ ойынын өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, Қыдыр атамыз бата берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *