Skip to content

«Өнерлі отбасы»

2024 жылдың 6 ақпанында Павлодар қаласының «№ 44 сәбилер бақшасының» мекемесінде  «Өнерлі отбасы» атты өнер сайысы өтті.
 Сайыстың мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың балабақшамен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Балабақша-отбасы-бала-қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Сайыс: « Өнерлі өрге жүзер!» деген бір бөлім бойынша өтті. Оның ішіне: сайыскер отбасының өздерін таныстыра білуі, өнер көрсете білуі, сахналық мәдениеті, сахналық киім киісі де назарға алынып, бағаланды.Әр отбасы сайысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалып келген. Бірі ән айтса, енді бірі актерлік шеберлігін танытып, сайысты одан әрі мазмұнды ете түсті. Балабақшамыздың ата-аналары сайысқа белсене қатысып, бақша өмірімен, бала жанымен бірге екендігін көрсетті.Сайыс қортындысы бойынша  Ересек «В»  тобының тәрбиеленушісі  Сағынтай Ибрагим   Бас жүлдеге ие болды. мектепалды «Б»  тобының тәрбиеленушісі  Тлектес Айшайым 1 орын,  мектепалды «А» тобының тәрбиеленушісі Айбатқызы Айшанұр 2 орын, мектепалды «Ә» тобының тәрбиеленушісі Мустафина Медина 3 орын, ересек «Ә» тобының тәрбиеленушісі Мұрат Балым  «Көрермендер көзайымы» наминациямен, сонымен бірге  мектепалды «Б» тобының тәрбиеленушісі Бекболат Медина «Белсенді отбасы» наминациямен марапатталды. Барлық отбасыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *