Skip to content

«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұл-қызыңды тәрбиеле»

Қазақта «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, ұл-қызыңды тәрбиеле» дегенде бабаларымыздың жақсы аманаты бар. Міне осы толғақты мәселелерге назар аудару мақсатында Павлодар облыстық ҚХА “НҰР-АНА әлемі”ҚБ Аналар кеңесінің мүшесі Бақытбала Кашенова бастамасымен қалалық «Әжемнің ертегісі» жобасымен #44 сәбилер бақшасының ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілерімен кездесіп, ертегі айтып берді.
” НҰР-АНА әлемі” аналары өздерінің әр түрлі еңбектерімен ұмытылған дәстүрімізді жаңарту мақсатында үлкен еңбектерін көрсетіп келеді.
Жас ұландарды Отанын шексіз сүйетін азамат болып қалыптасуына кимешек киген аналардың қосар үлесі зор.
Балақайлар ертегілер еліне саяхат жасаған әжеміздің келгеніне қатты қуанды. Балалар әжеге тақпақтар өлең айтып берді . Олардың бала көңілінде бұл Бақытбала әжеміздің бейнесі мәңгі сақталады деп сенеміз. Себебі, ертегі айту арқылы асыл жан бала жүрегіне жол тапқаны анық.
Ертегі айту үрдісінің жалғасуына осы Павлодардың “НҰР-АНА әлемі” төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы ұйытқы болып отыр.
Алда еңбегі жанып, бүгінгі өсіп келе жатқан жас жеткіншектерімізге өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, көрген-білгендерін, қазақы салт-дәстүрлерді үйрете отырып, ертегілер еліне жасайтын саяхаттары жалғасын таба беретініне сеніміміз мол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *